Индонезияда мыңдаған адам қатысқан АҚШ-қа қарсы шерулер бүгін болды

Жакарта қаласындағы бұл шеруде бірнеше мыңдаған халық Америка Құрама Штаттарына және Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстарға қарсы екендіктерін мәлімдесті. Олар сондай-ақ Индонезияда Шариғат заңдарының қабылдануына шақырып, Мұхамед ғалейхиуассалам пайғамбарды келемеждеген суреттерге байланысты сындар айтты. Хизбут Тахрир тобының ұйымдастыруымен осындай шерулер елдің тағы бірнеше қалаларында болды.