ВАШИНГТОН. Израиль премьер-министрінің міндетін атқарушы Эхуд Ольмерттің мәлімдеуінше, Иранның ядролық қару жасап шығаруына жол бермеу үшін барлық шара қабылдануға тиіс. Кеше Вашингтондағы Израиль лоббиімен бейнебайланыс арқылы сөйлескеінде Э.Ольмерт Иранды “өркениетті әлемге төнген ең басты қатер” деп сипаттады. Иран президенті Махмуд Ахмади-Неджадтың Израильді “жер бетінен құртуға” шақырған сөзін мысалға келтірген Э.Ольмерт Ираның ядролық қару шығаруына жол бермеу үшін барлық шараны қабылдау керектігін атап көрсетті. Бүгін Венада МАГАТЭ агенттігі Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мүмкіндігін талқылауға тиіс. Өз кезегінде Теһран жойқын қару шығаруды көздейтінін жоққа шығарып келеді.