ГААГА. Хорватиядағы серб бүлікшілерінің көсемі әрі 1990-ыншы жылдардың басындағы Балқан соғысында шешуші тұлғаның бірі болған Милан Бабич – соғыс қылмыстары бойынша Халықаралық Гаага трибуналының абақтысында асылып өлді. Трибунал өкілдерінің хабарлауынша, жексенбі күні оның денесі Гаага қаласындағы Схевенинген түрмесінде отырған бөлмесінен табылды. Голландия үкіметі М.Бабичтің өзі асылып өлгенін тергеп растады. М.Бабич - Югославияның экс-президенті Слободан Милошевичтің жақын үзеңгілесі саналып, Хорватияның серб емес тұрғындарына қырғын салды деген айыппен түрмеде 13 жылдық жазасын өтеп жатқан болатын.