ЖЕНЕВА. Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құс тұмауының таралуына жол бермеудің жолдарын қарастырып, әлем елдерінде үй құстарында бұл дерттің кең жайылуын “тарихи айтқысыз” оқиға деп атады. Денсаулық сақтау сарапшы мамандарының бұл кездесуне жетекшілік жасап отырған Маргарет Чан Азияның өзінде құс тұмауына тосқауыл қою үшін 160 миллион үй құсы өлтірілгенін айтты. Сонымен қатар, ол осы кезге дейін бұл дерттің адамға жұғатын түрінің мутацияланбағанын, бірақ құс тұмауын жұқтырған 174 адамның 94-і өліп кеткеніне тоқталды.