К.Райс бүгін адам құқықтары жөніндегі Вашингтонның жылдық баяндамасын жарияламақ

Бұл баяндамада 200-дей мемлекеттегі адам құқықтары жағдайы суреттелетін болады. Өткен жылғы баяндамада Ресей, Иран, Қытай, Сауд Араб елі, Сирия және Мысырдағы адам құқықтары бойынша нашар жағдай сыналған еді. Ал халықаралық ұйым «Амнести интернашнал» осы аптадағы жаңа баяндамасында АҚШ-тың Ирақтағы одақтас күштеріне байланысты қатты сын жариялады.