БЕРЛИН. Германияда “құс тұмауының” вирусы енді тас сусарынан аңғарылды. Дертке шалдыққан жабайы аң солтүстіктегі Рюген аралынан табылды. Осы күнге дейін “құс тұмауының” вирусы жабайы құстар мен иесіз қалған мысықтардан байқалған болатын. Сербиядан келіп түскен хабарға сәйкес, елдің оңтүстік-батысында өлген аққудан осы дерттің адамға аса қауіпті вирусы байқалды. Бүгін Ресей үкіметі “құс тұмауының” ізі Оңтүстік Федералдық аймаққа қарайтын 13 облыстың 8-інде тіркелгенін хабарлады. Ең ауыр жағдай – 900 мың және 700 мың үй құсы дерттен қырылып немесе алдын-алу шарасы барысында жойылған Краснодар өлкесі мен Дағыстан республикасында қалыптасып отыр.