Израиль бас министрі міндетін атқарушы Ехуд Олмерттің айтуынша, егер оның Қадима партиясы наурыздың соңындағы парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, онда алдағы 4 жылда Израиль шегарасын түгелдей белгілеп шығатын болады. Егер Хамас тобы Израилды мойындамаса, келісімдерге көнбей, лаңкестікті жалғастыра беретін болса, Израил шегара мәселесін біржақты шешеді, деді Олмерт.