Иран Ресейдің ұсынысын Теһран бұдан былай қажетсінбейді

ТЕҺРАН. Иранның ядролық бағдарламасына қажетті уранды өз жерінде байыту туралы Ресейдің ұсынысын Теһран бұдан былай қажетсінбейді. Кеше Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Асефи осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Иранның ядролық ізденістерін толығымен тоқтатуды қарастыратын БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің кез-келген Қарарын Иран қабылдамайды. Әйтсе де сыртқы істер министрі Манучир Моттақидің өзі:

“МАГАТЭ басқармасының соңғы отырысындағы шешіміне қарамастан біз түрлі жақтың келіссөзді жалғастыруға әлі де мүмкіндігі бар деп санаймыз. Біз табанды түрде барлық жақты осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамыз”, - деп мәлімдеді.

Халықаралық МАГАТЭ агенттігінің бас директоры М.Әл-Барадидің “Иран мәселесі” бойынша баяндамасы БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне жіберілді.