Ерте берілген дауыстарды А.Лукашенко өзінің жеңісіне кепілдік беру мақсатында пайдаланбақшы

МИНСК. Беларуссияда осы жексенбі күні өтуге тиісті президент сайлауында алдын-ала дауыс беру бүгін басталуға тиіс. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылар таңертеңнен бастап дауыс бере алады және дауыстар жексенбі күнгі сайлаудан кейін ғана есептелетін болады. Саяси оппозицияның ең басты үміткері Аляксандр Милинкевич сайлаушыларды алдын-ала дауыс бермеуге шақырды. Оппозицияның мәлімдеуінше, ресми билік алдын-ала берілген дауыстарды қазіргі президент А.Лукашенконың жеңіске жетуін қамтамасыз ету үшін пайдалануы мүмкін. Адам құқын қорғаушылар мен оппозиция, Еуроодақ пен АҚШ А.Лукашенконың режимі тәуелсіз баспасөз бен оппозиция өкілдерін қудалауы салдарынан сайлау әділ өтпейді деп мәлімдеді.