С.Милошевич – Сербияда жерленеді. Бірақ – қашан жерленетіні белгісіз

БЕЛГРАД. Бүгін Югославияның экс-президенті С.Милошевичтің сүйегі Гаага қаласынан ұшақпен оның туған елі – Сербияға жеткізілуге тиіс. С.Милошевичтің үзеңгілестері ұшақтың Белградқа бүгін күндіз ұшып келу керектігін айтып, бірақ марқұмның сүйегі нақты қашан жерленетінін хабарламады. Сербия үкімет экс-президенттің мемлекеттік салтанатпен жерленбейтінін мәлімдеді. Әйтсе де Белград соты марқұмның жесірі - Мирияна Милошевичтің Ресейден Сербияға ерін жерлеуге келгенінде тұтқындалмайтынына кепілдік берді. С.Милошевичтің мәйітін зерттеген голландиялық мамандар оның сенбі күні Гаага трибуналының түрмесінде отырған кезінде жүректен қайтыс болғанын мәлімдеді.