Хабарларға қарағанда Өзбек билігі сегіз адамды исламдық заңсыз топқа мүше болғаны үшін түрмеге жапқан

Ташкент. Хұқтарды қорғау жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Сурат Икрамов Ташкенттегі сот дүйсенбі күні сегіз адамға алты және одан да ұзақ мерзімдерге түрме жазасын беру туралы шешім шығарды деп айтқан. Олардың барлығына ваххабизмді, суннит мұсылмандарының фундаменталистік қозғалысын насихаттады деген айып тағылған.