БАҒДАД. Бүгін Ирақтың жаңа парламенті өзінің бірінші сессиясын өткізуге тиіс. Елдің жаңа үкіметін жасақтау мәселесі бойынша АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Залман Халилзадтың дәнекер болуымен келіссөздің кеше болып өткен екінші күнінде саяси лидерлердің өзара біршама алға басқаны хабарланды. Ирақтың БҰҰ-ыныңдағы өкілі Әмин Файсал Әл-Истрабади Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа үкіметті жасақтау мәселесі бойынша шийттер мен сүннитер және күрд лидерлерінің арасындағы келіссөз көбірек уақыт талап ететінін хабарлады. Вашингтонда АҚШ армиясының басшылығы шийттердің осы айда болатын діни “Ашура” мерекесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ираққа қосымша 650 жауынгердің шоғырланатынын мәлімдеді.