Қазір ана болғысы келетін, бірақ табиғи жолмен бала көтере алмай жүрген әйелдердің балалы болуына көмектесетін жолдар көп. Ол үшін олардың көп қаржы шығындамауына да болады. Бірақ бұл барлық елде бірдей осындай арзан қызмет екен деп ойлауға болмайды. Мәселен, АҚШ пен Батыс Европадан көптеген ерлі-зайыптылар осындай мақсатпен Ресей, Румыния, Оңтүстік Африка сияқты елдерге сапар шегеді. Бұл елдерде әйелді жасанды жолмен ұрықтандыру - олардың өз елдеріндегіден екі еседей арзанға түседі екен. Десек те, Азия мен Таяу шығыс елдерінен Америкаға барып, бала көтеру мүмкіндігін тексеріп, емделетін болашақ ата-аналар да аз емес.
34 жасқа толған Женни Уеллстің тұрмысқа шыққанына алты жыл болса да бала көтермеген екен, ол медицина көмегімен бала көтеру үшін 2000 доллар қаржы да жұмсапты, бірақ сонда да болса бала сүю мүмкіндігіне ие бола алмайтындығын жақында білген.
- Бұл мен үшін өте бір күтпеген соққы болды. Ол сондай қиыншылық болды, өйткені ол менің кемшілігім еді. Бұл біздің бәрімізді - күйеуімді, оның ата-анасын да күйзелтіп жіберді. Бірнеше сәбилі болсақ деген арманымыз болып еді. Енді біз үшін оның құны өсіп, аспандап кетті, - дейді Женни.
Уеллстер отбасы үшін медицина күшімен қолдан ұрықтандыру циклін толық қабылдауға кемінде 13 мың доллар қажет болған, бірақ олар қанша қаржы жинауға ұмтылсақ та, мүмкіндігіміз жетпейтін еді дейді. Бақытқа орай, Уеллстер енді бір қыз баланы асырап алған екен.
Бірақ та көптеген жұбайлар мүмкін болса бөтен сәбиді асырап, өсіргеннен гөрі, өз қандарынан жаралған баланы қалайтыны анық және одан ешқандай қаржысын да, күш-жігерін де аямайтындығы белгілі. Мысалы, Теннеси штатындағы клиникада осындай жасанды жолмен ұрықтандыратын дәрігерлік шараның ақысын төлеу үшін тағы бір отбасы өздерінің жеке фермасын сатуға тиіс болған.
Осылайша, шын мәнінде бақытты отбасы болып, ұрпақ өсіру үшін жүздеген шақырым ғана емес, мыңдаған шақырым жол жүріп, миллиондаған доллар қаржысын аямайтын жандар аз емес. Гарвард бизнес мектебінің профессоры Дебора Спар өзінің осы әлемде кеңінен дамып келе жатқан бала көтере алмайтын әйелдерді жасанды жолмен ұрықтандыру саласына арналған жаңа кітабында бұның көптеген миллиондаған долларлық өндіріске айналып бара жатқанын және оның нақты реттеліп отырмағандығын нақты деректермен әңгімелейді. Сөйтіп, туризмнің жаңа саласы қарқынды дамып отырғанына және оның қайсы елде қанша тұратындығына тоқталады.
Ана болғысы келетін әйелге салынатын донор ұрыққа АҚШ-та қол жеткізу мүмкіндігі бар, бірақ оның құны Шығыс Европадағы бағамен салыстырғанда анағұрлым қымбат тұрады. Бұндай дәрігерлік қызметтің құны орта есеппен АҚШ-та 12,400 доллар тұрса, Ресейде осының жартысындай ғана болады. Және Ресейдің мұндай емханалары шетелдік клиенттерді өздеріне шақырып, оларға қызмет көрсетуге бар күштерін салады.
Мәскеудегі Алтра Вита клиникасы көбінесе шетелдік, дәулетті деген тұтынушыларды қызықтырып, бар мүмкіндіктерін соған бағыттайды, өзінің веб-сайтында ағылшын, неміс тілдерінде қызметтерінің бағасы қанша тұратынын жариялап отырады дейді Спар.
- Мұнда АҚШ үшін біз трафиктің екіжақты жолын көруге болады. Дәулетті деген американдық еместер мұндай емді қабылдау үшін АҚШ-қа барады, ал бай емес американдықтар болса, арзандау болатын мүмкіндікті қарастырып, басқа елдерге жол тартады, - дейді ол.
АҚШ әлемде медициналық қызмет ақысы ең қымбат тұратын елдер қатарында болғандықтан, онда тұтынушыларға баға тұрғысынан жеңілдіктер жасалмайды, бірақ оның бірнеше басқа артықшылықтары бар дейді Спар.
Беверли Хиллстегі Тайлер емханасы барлық елдерден өздеріне клинеттерді тарту үшін, болашақ ананың жатырына қандай эмбриондарды енгізетіндіктерін, экран арқылы көрсетіп, оны тіпті сипаттап, генетикалық диагностика да жасап береді. Бірақ, мұндай әдіс бірқатар елдерде, мәселен, Канада мен Германияда, Британияда заңсыз деп табылады.