ФРАНКФУРТ. Чехия мен Польшаның бұрынғы президенттері Вацлав Гавел мен Лех Валенса халықаралық қауымдастықты Беларуссияда осы жексенбіде өтетін президент сайлауында оппозицияның негізгі үміткері Александр Милинкевичке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. "Frankfurter Algemeine Zeitung" газетінің бірінші бетінде Гавел мен Валенса А.Лукашенконың үстемдігі кезінде Беларусь халқы өзінің болашағын еркін қалай алмайды деп атап көрсетті. 2 экс-президенттің жазуынша, “Милинкевич – Беларуссияны демократияға жетелей алатын еуропалық көзқарастағы саясаткер” болып табылады. Гавел мен Валенса: “Лукашенконың режимі – көрші орналасқан ең соңғы демократиялық емес билік” деп мәлімдейді.