Жұма күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдарда Қазақстанның экономикалық саласына қатысты, жаңадан құрылып жатқан «Самұрық» мемлекеттік холдингі туралы, сондай-ақ Ұлттық қордағы қаржыны қалай пайдалану туралы сарапшылар пікірлері мен экономика тақырыбына қатысты сараптамалық мақалалар топтамасы оқырмандар назарына ұсынылыпты.
«Жас Қазақ» ұлттық апталығы жұма күнгі санында жуырда Қазақстанда құрылған «Самұрық» атты мемлекеттік холдинг туралы көлемді газет мақаласын жариялапты. Газет тілшісі Еренғайып Қуатайұлы мақала тақырыбын «Самұрық» мемлекеттік холдингі болса, онда алтын жұмыртқаның қызығын кім көреді?» деген сұрақпен атапты. Газет тілшісі өз мақаласында құрылғанына көп болмаса да қазір осы холдинг қанаты астына Қазақстанның стратегиялық маңызы бар мемлекеттік компаниялардың бірінен соң бірі жарыса кіріп жатқанын айтады. «Бұдан былай елдегі барлық ұлттық компаниялар бір жерден басқарылып, олардың тапқан табысы мен шашқан қаржысы бір арнаға тоғыстырылып отырмақшы» дейді Еренғайып Қуатайұлы. Алайда, мақалада жазылғанындай, кейбір сарапшылар мемлекет мұндай холдинг құру арқылы ұлттық компанияларды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған олигархтардың екі аяғын бір етікке тықпақшы, яғни олармен шындап күреспекші деген пікір айтса, қайсыбірулері керісінше, бір ғана адам басқаратын «Самұрық» билік басындағылардың үріп ішіп, шайқап төгетін қазанына айналып кетсе қайтеміз деген пікір білдіріпті. Ал осы «Самұрықты» қазір уақытша Сауат Мыңбаев басқарып отырғанына қарамастан алда кімнің басқаратындығына қатысты әлден олигархтар арасында қызу талас жүріп жатыр деп ой түйіндепті газет тілшісі.
«Айқын» басылымы Қазақстанның экономикалық саласының бүгінгі хал-жағдайы жөнінде Жалпы проблемаларды талдау орталығы директорының орынбасары, экономика ғылымының кандидаты Қанат Берентаевпен өткізілген сұқбатты жариялапты. Экономист ғалым қазір ұлттық қорда жатқан 8 миллиард долларға жуық қаржының өңдеуші сектор мен ауыл шаруашылығына салынбай бос жатқандығына налыпты. Экономист Ұлттық қорда жатқа осы қаржыны 3 бөлікке бөлуді ұсыныпты. «Біріншісі тұрақтылықты қамтамасыз ететін ұлттық қор мұнда жалпы ішкі өнімнің 10-12 проценті деңгейінде қаржы сақталса деген ой тастайды. Ал қалған екі бөліктің біріншісі таза инвестициялық қор, екіншісі жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне бөлінсе» депті ол. Ұлттық қор идеясы жақсы болғанымен ондағы қаржының қоғамды дамытуға үлес салмағының аз болуы дұрыс емес деген пікір айтыпты экономит ғалым Қанат Берентаев «Айқынға» берген сұқбатында.
Қазақстанда шығатын оппозициялық «Апта.кз» басылымы көкейкесті айдарымен «Форбс» журналы не дейді, Қазақстандағы миллиардерлердің саны көбейді ме, жоқ азайды ма» деген мақала басыпты. «Форбс» журналының 2005 жылғы сараптамасы бойынша Қазақстанда 5 миллиардер бар екен. 2004 жылы олардың саны үшеу ғана болған. «Олардың үшеуі Қазақстан азаматы емес, ал екеуі қазақ болмаса да, Қазақстан азаматтары. Қазақстандағы Еуразиялық топты басқаратын Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимов үшеуі де миллиардер ретінде «Форбстан» түспегелі 2-3 жыл болса, былтырдан бері Англияда тұратын 23,5 миллиард доллары бар үнді азаматы Лакшми Миттал және 2,8 миллиард доллары бар «Қазахмыстың» қожайыны ұлты кәріс, Қазақстан азаматы Владимир Ким биылғы «Форбстың» ең бай адамдар тізімінде ілгері орындарға бір-ақ секірген. Бұлар осыншама байлықты қайдан алды, үлкен байлықтың артында үлкен қылымыс тұрған жоқ па деп сұрақ қояды «Апта.кз» басылымы.
Оппозициялық «Право. Экономика. Политика. Культура» басылымы Қазақстан басшылығының Вашингтондағы Ақ үй қожайынымен бір келісімге, атап айтқанда Қазақстан АҚШ аса қызықтап отырған Баку-Жейхан мұнай құбыры жобасына қатысуға өз келісімін берген болуы мүмкін екендігі жөнінде жазады. Оған уәж ретінде Қазақстандағы АҚШ елшісі Ордвей мырзаның жуырдағы мәлімдемесі және АҚШ энергетика министрінің осыдан бірер күн бұрынғы Астанаға сапарын, сондай-ақ бұған риза болған АҚШ-тың адал досы Ұлыбритания Қазақстан басшысын Ұлыбританияға арнайы сапармен келіп қайтуға шақырғанын айтады. Ал тәуелсіз «Сентрал Азия монторинг» газеті АҚШ-тың энергетика министрі Самуель Бодман мырзаның Астанаға жасаған сапары кезінде айтқан «АҚШ Қазақстан экономикасына әлі де инвестиция құюға мүдделі, яғни алдағы 5 жылда АҚШ инвестициясының көлемі екі еселенуі мүмкін» екендігін жеткізіпті. 1993 жылдан бері АҚШ Қазақстан экономикасына 11,43 миллиард доллардың қаржысын құйыпты.