Бүгін Мәскеу метросындағы “Войковская” бекетінің маңындағы тоннель қабырғасының бір бөлігі опырылып құлады. Қабырғаның сынығы метро вагонына құлап, оны тесіп өткен. Әйтсе де жапа шеккен ешкім жоқ. Қазір жолаушылар жерасты метросынан жоғары шығарылды. Метроның “Войковская” және “Сокол” бекеттері арасындағы вагон қатынасы уақытша тоқтатылды.