Бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға сапары барысында бірқатар келісім мен Орта Азияны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру мақсатындағы өзара іс-қимылды үйлестіру туралы уағдаластыққа қол қойылды. Қазақ лидері 3 күндік сапармен Ташкентке жексенбі күні келді. Өзбек президенті И.Кәрімовтің хабарлауынша, Н.Назарбаевпен екеуі екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайту үшін үкіметаралық кеңес құруға келісті. Қазір жылдық сауда айналымы шамамен 500 млн долларды құрайды. Сондай-ақ, 2 президент су және ауылшаруашылық ресурстарын үнемді пайдалану, екі ел арасындағы жол қатынасы, ғылым мен техника және интеллектуалдық меншікті қорғау туралы келісімдерге қол қойды.