И.Кәрімов: “...егер қазақ пен өзбек бірге болса, ...бізді ешкім де жеңе алмайды”

Өзбекстан президенті И.Кәрімов қазақ лидері Н.Назарбаевпен Ташкенттегі жүздесуіне өте жоғары баға берді. Кеше Ташкентте бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында И.Кәрімов жоғарғы деңгейдегі мұндай кездесу, оның өз сөзімен айтқанда: «екі жақты ынтымақтастықтың ескерілмей келген мүмкіндіктерін ынталандыруға серпін беруге тиіс». Мұндай кездесулер, оның айтуынша, үнемі өтіп тұруға тиіс. Н.Назарабаев Ташкентке 2 елдің тарихында тұңғыш рет мемлекеттік сапармен 19-ыншы наурызда келді. И.Кәрімов аймақ лидерлігі үшін “Н.Назарбаевпен бақталас” деген пікірді жоққа шығарды.

“...егер қазақ пен өзбек бірге болса, мұны барлығы да естісін деймін, бізден ешкім оза да алмайды, ешкім жеңе де алмайды. Мен мұны толық жауапкершілікпен айтып отырмын”, - деп мәлімдеді президент Кәрімов.

Қазақ пен өзбек лидерлері екі жақты ынтымақтастықты дамыту үшін үйлестіру кеңесін құру туралы уағдаласты.