Минскінің Октябрь атты орталық алаңында елдегі оппозиция күштері наурыздың 21-ы күні екінші тәулік бас қосуда. Оның барысында наурыздың 19-да өткен елбасылық сайлаулардың қорытындысына олар наразылық жариялады. 200-ге тарта шерушілер мұнда түні бойы болды. Яғни, елбасы Александр Лукашенконың үшінші мерзімге осы қызметте қалуын өткен сайлалуар қамтамасыз етуге тырысты, деп айыптап, сайлаулардың қайта өткізілуін олар талап етуде. Құрама Штаттар мен Еуропа одағы еркін де әділ сайлаулар өткізуге орай халықаралық қалыптарға сай келмеді, деп бұл сайлаулар қорытындысын бағаласты.
Бүгінгі күні Беларус астанасындағы Октябрь орталық алаңында шеру өтуде. Бір қарағанда мұның өзі 2004-ші жылы Украйнада болған қызғылт-сары төңкерістің кіші үлгісіндей көрінеді. Жиналғандар бірде оппозиция басшысының атын атап, ал келесі бір сәтте «Беларус жасасын! Беларус жасасын!» деп ұрандатумен болды.
Наурыздың 20-ы күні кешке Октябрь алаңына 7 мыңдай шерушілер жиналған болатын. Ал, бірнеше жүздеген шерушілер болса аязды түнді осы алаңда өткізді. “Біздің ұйықтағымыз жоқ. Бәрі ойдағыдай” деген еді шеруші жас жігіт өз бойжеткенімен бірге. “Түнде суық болған еді. Қазір жақсы” дейді ол.
Наурыздың 19-ы күні болған елбасылық сайлаулар қорытындысында Александр Лукашенкоға жай ғана жеңіс беріліп қойылған жоқ. Оппозиция атынан бәйгеге түскен Александр Милинкевич екеуінің арасындағы дауыс жинау ара салмағында өте үлкен алшақтық болды. Яғни жарияланған қорытындылар бойынша қазіргі Беларус елбасына 77 пайыз дауыс берілді, делінген. Мұндай алшақтық демократиялық өзгерістерді жақтаушы сандаған азаматтардың бұл науқанды әділетсіз, деп бағалап, сайлаулардың қайта өткізілуін талап етулеріне жеткізген болатын. Олар жаңа сайлаулардың шілде айында өткізілуін талап етісуде. Кейбіреулер Беларустың ақ және қызыл түс араласқан, тиым салынған туларын көтеріп шығысты. Шерушілерге қолдау көрсетушілер алаңға тамақ пен, ыстық сусындар жеткізуге тырысуда.
“Жаңа ұлттың, беларус ұлтының пайда болып келе жатқандығына орай үлкен қуаныш сезімі бар бойда. Беларус халқында ерік-жігер, мінез жетіспейді, олар диктаторлық билікке төзіп келеді, деген пікірлерді жиі естіп едік. Менің ойымша, сайлауларға дайындық барысындағы 6 ай ішінде халқымыз өткен жылдарда қол жеткізе алмаған істерді жүзеге асыра алды. Беларустықтар қорқыныш, үрей сезімдерінен құтылды. Олардың бойында өздерін құрметтеу сезімі пайда болуда. Осында жиналған жастар жаңа Беларус елінде өмір сүретін болады”, - деді оппозиция жетекшісі Александр Милинкевич журналистерге берген сұхбатында.
Болып жатқан шерулерді Минскідегі қауіпсіздік күштері мұқият түрде бақылауда. Алайда, әзірге агрессивті әрекеттерге, қысым көрсету шараларына олар бара қойған жоқ. Дей тұрғанмен, оппозицияның бірнеше белсенділері қамауға алынған. Олардың көпшілігі жиналғандарға тамақ жеткізуге әрекет үстінде ұсталған екен. Сондай-ақ осы басқосуға келген грузиялық үш азамат та тұтқындалған.
Еуропа одағы мен Құрама Штаттар Беларус елбасылық сайлауларын “заңсыздықтарға кеңінен жол берді” деп бағаласты. Ресми Уашингтон осы орайда қайта сайлаулардың өткізілуіне шақыруда. Украйн елбасы Виктор Юшенко мен Грузия елбасы Михайл Саакашвили болса сайлаулар қорытындысын қатты сынға алып, Беларус халқына қолдауларын білдірісті. Ал, Ресей елбасы Владимир Путин, сайлаулар қорытындысын қуаттап, Лукашенконы құттықтады.