Аталған ұйымның мәлімдемесінде сайлау өткен 19-наурыздан бері 128 адамның ұсталғандығы, олардың бірқатарының соққыға жығылғандығы жазылған. «Амнести интернэшнл» Беларус билігін ұсталғандарды тез арада босатуға шақырды. Кеше кешкісін Минскінің орталық алаңына бес мыңдай адам жиналса, түнге қарай олардың бес жүзі қалды.