Ирақтағы коалиция күштері батыстық үш гуманитарлық көмек қызметкерін кепілдік тұтқынынан босатты

Олар төрт айдан бері тұтқында болған еді. АҚШ әскерінің генерал-майоры Рик Линч құтқару операциясының Бағдадтың солтүстік-батысында жүргізілгендігін айтты.

- Біз христиан бітімгершілік командасы орналасты деп хабарланған аймаққа қарай жылжып, көзделген үйге шабуылдадық, тұтқынның үшеуі де сол үйде болып шықты. Оларды тұтқында ұстағандар жоқ, өздері ғана екен, - деді генерал Линч.

Екі канадалық пен бір британдық Бағдадта өткен қараша айында ұрлап әкетілген болатын. Ал кешегі күні Бағдадта орын алған екі бомбалық жарылыста кемінде 54 адам құрбан болған.