Губернатор өліміне себепші, деп айыпталған жүргізушіге байланысты Алтай сотының үкімін Сібір соты бүгін жоққа шығарды

Жүргізуші Олег Шербинский жасыл белгімен келе жатқан Алтай губернаторы Михайл Евдокимовтың көлігіне жол бермеді, деп 4 жылға сотталған еді. Көлік ішіндегі губернатор мен оның жүргізушісі және оққағары қаза болған еді. Қорғаушы заңгерлер губернатор көлігі сағатына 200 км жылдамдықпен жүрген, деп отыр.