Бұл тиым шараларының бірі ретінде жоғарғы лауазымды Беларус басшыларының кең тұрғыда сапарға шығу визасына шектеу қою қарастырылуда. 19-шы наурыздағы елбасылық сайлаулардың ресми қорытындысында Александр Лукашенкоға 83 пайыздық көрсеткіштің берілгені елде кең тұрғыдағы наразылық шараларына итермелеген болатын. Сайлаулар әділетсіз өтті, дейді халықаралық қауымдастық. Беларус хұқық қорғаушыларының айтуынша, 5 күн ішінде 250-дей шеруші тұтқындалған. Олардың кейбірі бостандыққа шығарылған. Сәрсенбінің кешінде Минскідегі Октябрь алаңына бірнеше мыңдаған шерушілер жиналған болатын. Бүгін таңертең олардың саны 200-дің маңайында болды. Оппозиция басшысы Александр Милинкевич шерушілерді бүгін ынтымақтастыққа шақырды.