Қырғызстанда өткен жылы орын алған қызғалдақ төңкерісінің бір жылдығына орай мереке өтті

Президент Құрманбек Бақиев Бішкектегі мереке кезінде өз отандастарын құттықтады. Осыдан бір жыл бұрын наурыздың 24-інде әкімшілік жүйеге қарсы болған қауым президент сарайына басып кіріп, сол кездегі президент Асқар Ақаевтің алдымен Қазақстанға, кейін Ресейге қашып кетуіне себепші болған еді. Артынша Қ.Бақиев уақытша президент міндетін алып, былтыр шілдеде өткен сайлауда Қырғызстан елбасы болып сайланды.