Ал Минскінің аудандық соттары жұмаға қараған түні демонстранттарды күштеп қуып, тарату кезінде ұсталғандардың істерін қарап жатыр. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарына қарағанда, 70-ке тарта адамға 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамау жөнінде әкімшілік жаза қолданылған. Оппозицияның деректері бойынша ұсталғандардың жалпы саны 300 адамнан асады.