Егер Хамас жасақтаған үкіметтің қызметі елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, президент үкіметті тарату хұқын пайдаланады. Махмұд Аббас жаңа үкіметтің болашақ премьер-министрі, Хамас тобының жетекшілерінің бірі Исмаил Ханиеге осындай мазмұндағы хат жолдады. Палестинaдағы басқа партиялар мен қозғалыстар Хамас тобы жасақтаған үкімет құрамына кірген жоқ.