Бүгін Минскіде өткен аптада тұтқындалған оппозиция жақтастарына қатысты сот істері басталды

Астананың кем дегенде үш ауданында осындай сот үдерістері басталған. Рұқсат етілмеген жиындарға қатысты, деп ұсталған шетелдіктер де сотқа тартылмақшы. Бір поляк, екі орыс және екі украйн азаматтары осындай кеп кимекші. Адам хұқықтарын қорғаушылардың айтуынша, 24-ші наурыз күні Минскінің орталық алаңында кем дегенде 330 адам ұсталған.