2004-ші жылдың 28-ші наурызында Өзбекстанның Бұқара қаласында, ал келесі күні Ташкентте екі бомбалық шабуыл орын алды. Үш күнге созылған осындай жанкештілік әрекеттер салдарынан ол жолы 47 адамның өмірі қиылған болатын. Мұның өзі Орта Азиядағы жанкештілік әрекеттердің алғашқы көрінісі еді.
Ташкенттің Шорсу базарында 28-ші наурызда, 74 жасар ақсақалды полиция соққыға жығып өлтіргеннен бір күн кейін балалар дүкені мен базарға жақын жердегі аялдамада бомбалар жарылды. Қос әйел жүзеге асырған бұл шаралар шын мәнінде аймақтағы жанкештілік әрекеттер тізбегіне жол ашып бергендей еді. Сол жолы қаза болған 15 адамның көпшілігі полиция қызметкерлері болатын, дейді хабарлар. Одан бір күн бұрын Бұқарада болған жарылыстан 9 адам қаза болған еді. Ал, наурыздың 30-ы күні ел әскері мен полиция жасақтары Ташкент пен оның айналасындағы шабуылшылармен шайқасқан болатын. Жоғарыдағы шығындарға қоса тағы 23 адам қаза болған еді. Ресмилердің айтуынша қаза болған 47 адамның 33-і шабуылшылар екен.
Бұл - 1999-шы жылғы 16-шы ақпанда Ташкенде болған тізбекті бомбалық жарылыстардан кейінгі алғашқы осындай ірі оқиға болатын. Ол жолы 16 адам қаза болған еді. Өзбек өкіметі 1999-шы жылғы оқиғалар үшін Өзбекстан Ислам қозғалысын айыптаған еді. 2004-ші жылы да айыптаулар осыған ұқсас болды. Бас прокурор Рашид Қодиров аталған ұйым мен Хизбут-Тахрир ұйымын ресми түрде айыптаған болатын. Олардың мақсаты Каримов өкіметін құлатып, Ислам мемлекетін орнату, деген еді. 2000-шы жылы болса Өзбекстан Ислам қозғалысын Құрама Штаттары Мемлекеттік департаменті лаңкестік ұйымдар тізіміне кіргізді.
2004-ші жылы арада бір апта уақыт өткенде Өзбек билігі Чорсу базарындағы және Бұқарадағы жарылыстарға халықаралық лаңкестік әрекеттер, деп баға беруге тырысты.
“Кейбір түрмеге жабылғандар өздерінің Араб жаттықтырушылар арқылы лаңкестік лагерлерде жаттығудан өткендерін мойындады. Олар бұдан бұрын әл-Қайда жауынгерлерін жаттықтырған екен”, - деп мәлімдеген болатын бас прокурор Рашид Қодиров.
Ол кезде Ташкент халықаралық лаңкестік әрекеттерге қарсы күресте АҚШ-тың одақтасы болатын. Өзбек өкіметі сондықтан бұл шабуылдарды осы АҚШ-пен Ташкент коалициясына қарсы шабуыл, деп бағалауға тырысты. Алайда, мұндай айыптауларға халықаралық қауымдастық пен жергілікті халықты сендіре қою Өзбек өкіметіне оңай бола қойған жоқ.
Талдаушылардың айтуынша, егер әл-Қайдалықтар өз шабуылдарында батыстық ұйымдарды нысанаға алатын болса, ал өзбек жанкештілері, жергілікті полицияны нысанаға алысты. “Әл-Қайдамен байланысы бар” деген айыптауды пайдалана отырып, Өзбек өкіметі көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншуға тырысты, дейді талдаушылар. Осыған орай жергілікті өзбек халықының арасында ел өкіметіне деген қарсылық сезімдері өрши түсті. Өзбек түрмелерінде 5 мыңдай саяси және діни негіздегі тұтқындар жатыр. Сондай-ақ Әндіжан оқиғаларын зерттеуге халықаралық бейтарап бақылаушылар жіберілмеді. Еуропа одағы осыған байланысты Өзбекстанға тиым жариялады. АҚШ күштерін елінен шығарған Каримов қазір Мәскеушіл бағыт ұстануда.