БҰҰ-ның өкілі Адриан Эдуардстың айтуынша, Христиан дініне өткен Ауғанстан азаматы Абдұл Рахман елден тыс жерде оған баспана берілуін сұраған. Бірақ Рахманның тағдыры және оның нақты қайсы елге баруы әзірше белгісіз. Ауған прокурорларының айтуынша, қазір Абдұл Рахманның психикалық жағдайы тексеріліп жатыр. Егер Рахманда психикалық ауру табылса, онда оған тағылған айыптар жойылады. Осыдан 16 жыл бұрын Христиан дініне өткен Абдұл Рахман өлім жазасына кесілуі мүмкін. Халықаралық қауымдастық Ауғанстан билігін Рахманды азат етуге шақырған болатын.