Бұл туралы премьер-министр Сильвио Берлускони мәлімдеді. Ал Ауғанстан парламенті - Рахманға елден шығуға рұқсат бермеу керек дейді. Ауған соты Рахманның психикалық ауруы бар болуы мүмкін деп түрмеден босатқан болатын. Консервативтік бағыттағы кейбір мұсылмандар Рахманның азат етілуіне қарсылық білдірді.