Израильдегі парламенттік сайлауларда “Кадима” партиясы жеңіске жетті

Бұл партияны премьер-министр Ариель Шарон ауруханаға түсердің алдында құрған болатын. “Кадима” партиясы парламенттегі 120 орынның 28-не ие болды, ал “Еңбек” партиясы 20 орынға қол жеткізді. Премьер-министр міндетін уақытша атқарып отырған Ехуд Олмерт Израильдің тұрақты шекарасын орнату үшін Батыс Жағалаудағы басып алған жерлерден бас тартуға дайын екендігін айтты. Иерусалимде сөйлеген сөзінде Олмерт былай деді.

“Палестиналықтармен келісім тек қана келіссөздерге негізделуі мүмкін. Келіссөздер бірін-бірі мойындау, бұрынғы келісімдер, және бейбіт картасының принциптеріне сай жүргізіледі. Әрине қақтығыстарды тоқтатып, террористтік топтарды қарусыздандыру керек”, -деді Олмерт.