Войцех Ярузельский байқаусызда медальмен марапатталды

Польша президенті Лех Качинский елдің бұрынғы коммунистік басшысы Войцех Ярузельскийді байқамай жоғары медальмен марапаттап қойды. Генерал Войцех Ярузельский патриотизм танытты, Совет Одағы оның әулетін Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Сібірге жер аударған деп ресми сипатталған екен. Польша президентінің өкілі президент кеңсесінде біреу қате жасаған екен, президент қол қоятын барлық қағазды оқып жатпайды ғой деп сипаттады.