АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Ирақта "мыңдаған" тактикалық қате жасадық деп мәлімдеді. Дегенмен, Кондолиза Райс Ираққа әскер кіргізіп, Саддам Хұсейнді биліктен тайдырған АҚШ саясаты дұрыс болды деп айтты. Кондолиза Райс, сол сияқты, Америка заң мәртебесіне берік, бұл жайында ешкімнің күмәні болмаса жөн, америкалық азаматтар азаптауға жол берсе оларға кешірім болмайды деді. Кондолиза Райс бұл сөзін кеше Британия сапарында айтты.