Сербтер мен этникалық Албандар арасындағы бұл келіссөздер Аустрия астанасы Венада өтуде. Келіссөздерге БҰҰ-ның арнайы өкілі Мартти Ахтисари ара ағайындық етуде. Бұл келіссөздер нәтижесінде Косовоға тәуелсіздік беріле ме, әлде ол Сербияның құрамында қала бере ме? деген сауал шешілетін болады.