З.Муссауи өлім жазасына кесілуі мүмкін

11-ші қыркүйектегі лаңкесттік шабуылдарға қатысы бар деп айыпталған Закария Муссауи өлім жазасына кесілуі мүмкін. АҚШ-тың Александрия қаласындағы сот осындай шешімге келді. Оған сәйкес, Муссауидің әрекетінен кемінде бір адам қаза тапқан. Франция азаматы Закария Муссауидің өзі 11-ші қыркүйектегі шабуылдарға қатысы барлығын мойындаған болатын.