Қазақстан өз тәуелсіздігін алған 15 жыл ішінде шетелден жарты миллиондай қазақ өз тарихи атажұрты - Қазақстанға біржолата қоныс аударыпты. Бұл көп пе, әлде аз ба?
Кейбір сарапшылар, шетелдегі қазақтарды Қазақстанға әлі де көбірек тарту керек, бұл Қазақстанның қазіргі қиын демографиялық хал-ахуалын жақсартып қана қоймай, елдің қауіпсіздігін жақсарту үшін аса маңызды деген пікір білдіреді. Алайда, Қазақстанға қоныс аударушы осы қазақтардың атажұртына келген соң әртүрлі әлеуметтік проблемаларға кезігіп жатады. Олардың қатарында – Қазақстан азаматтығын алу, баспана мәселесі, үй салуға жер алу, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу, балаларын оқыту мәселесі жиі қозғалады. Осы проблемалардың шешімін табуды мақсат еткен қазақстандық бір топ қоғам өкілдері оралмандарға жәрдем көрсететін қоғамдық комитет құру туралы бастама көтеріп отыр.
Қоғамдық комитетке кіргендердің қатарында академик Әбдуәли Қайдар, Өмірзақ Айтбайұлы, Төрегелді Шарманов, Мақсұт Нәрікбаев, Сайлау Батыршаұлы, Нұрлан Оразалин, Сейітқазы Матаев, Марғұлан Сейсенбаев, Еңлік Нұрғалиева, Досым Сүлеев, Марат Сәрсенбаев сынды азаматтар бар.
Бүгінде Қазақстанда оралмандармен жұмыс істейтін үкіметтік көші-қон комитеті, жергілікті әкімшіліктерден басқа оралмандардың бірқатар қоғамдық бірлестіктері бар. Солардың бірі - «Қазақстан оралмандар одағы» атты қоғамдық бірлестікке меценат Марғұлан Сейсенбаев басшылық ететін «Сеймар-әлеуметтік қоры» 100 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай грант бөліп отыр. Бұл грант оралман жастардың Қазақстанда білім алуына, жаңа ортада бейімделуіне жұмсалмақшы.
«Көптеген оралмандар Қазақстан заңдарын жақсы білмегендіктен өз құқықтарын толыққанды пайдалана алмай, алуға тиісті көмек, жәрдемге қол жеткізе алмай қалатын оқиғалар да кездеседі. Әсіресе, жер алу мәселесінде көптеген қиындықтар барлығы ескеріліп, оралмандарға жер және баспана беру мәселесін қайта көтеріп, жаңадан заң жобасын дайындап жатырмыз», - дейді оралмандарға жәрдем көрсету комитетінің мүшесі, Алматыдағы Заң Академиясының ректоры Еңлік Нұрғалиева.
Саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім, Қазақстанда ата-жұртына қайта оралушы оралмандарға тегін жер беру туралы заңда анық айтылғанына назар аударады.
«Алайда, бұл заңды жергілікті әкімдер белден басып, оралмандарға жер бермей, оларды әуре-сарсаңға салу фактілері жиі кездеседі», - дейді Д.Көшім мырза.
Оның айтуынша, шетелде тұрған әрбір қазақ Қазақстанға ораламын десе, оған ешбір бөгет болмауы тиіс әрі шекарадан өтер сәтте оның қолына Қазақстан құжаттары мен қайда тұратындығын көрсеткен елдімекеннің адресі берілуі керек.
«Онда қандай үй-жайда тұратындығы немесе уақытша тұрып, өзіне баспананы қалай салып алатындығы анық жазылған болу керек. Міне, сонда ғана оралмандар проблемасы деген түбегейлі жоғалмақ», - дейді Д.Көшім.
Оралмандарға жәрдем көрсететін қоғамдық комитет алдағы уақытта оралмандарға қатысты заңдарды реттеп, оларға өзгерістер кіргізу мәселесін қолға алуды мақсат етіп отыр. Заң жобасы дайын болған соң оны парламент талқылауына ұсынбақ.