Иран жерден аспанға ұшырылатын орта қашықтағы жаңа зымыранды сынақтан сәтті өткіздік деді

Иран Революциялық сақшылар ұйымының бастығы генерал Яхия Рахим Сафави еліміз енді сырттан келетін кез-келген шабуылға тойтарыс беруге дайын деп мәлімдеді. Иран жаңа зымыран мен жаңа торпедо технологияларын теңіз әскери жаттығуында сынап жатырмыз деді. Иран әскери саласы жайында егжей-тегжейлі мәліметті жалпы өте сирек жариялайды.