Орта Азия мемлекеттерінің шетке мұнай және газ шығаруға ұмтылысының аймақ экономикалық мүмкіндігінің көтеріле түскендігін көрсетеді. Дей тұрғанмен, мұнай және газдан басқа, яғни жеке секторларға сырттан келіп жатқан инвестициялар легі баяу. Сәуірдің 4-і күні Орта Азия елдері елшіліктерінің өкілдері мен халықаралық қаржы ұйымдары өкілдері және АҚШ өкіметтік агенттіктері Уашингтонда бас қосты. Ықпалды іскер азаматтардың ұйымдастыруымен болған бұл басқосуда Орталық және Оңтүстік Азия экономикасын қайткенде белсендірек етуге болады, деген сауал талқыланды.
Уашингтондағы басқосуға қатысқандардың айтуынша әлемдік жағдайлар Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық жағынан пайда табуына мүмкіндік жасап отыр. Сондықтан аймақтық әріптестік орнатып, халықаралық қаржылық ұйымдармен байланыс орнатудың қажеттігін олар баса айтысты. Азия Даму банкінің Уашингтондағы кеңсесі директорының орынбасары Брент Дарктың пікірінше, Орта Азиядағы бизнес әлемі жақсара түскен, алайда қажетті деңгейде емес.
Жүк машиналарымен тауар таситындар жол кедергілеріне ұшырап, ал шағын бизнес өкілдері өмір сүру үшін жанталасуда. Туристік виза алудың өзі қымбат әрі уақытыңды алатын шаруа, дейді Дарк мырза.
“Қытай, Үндістан және Ресейде базар экономикасы жедел қарқынмен дамып келеді. Олардың барлығы да энергия көздеріне және Ауғанстан арқылы теңізге қарай тасымалдың орнығуына ділгір болып отыр. Мұндай елдермен көрші болу Орта Азия мемлекеттерін стратегиялық жағынан тұрақтылыққа жеткізіп, сол арқылы тиісті пайда көруге мүмкіндік жасап отыр”, - деді Дарк мырза.
Дарк мырзаның айтуынша, әлемдік экономикалық мүмкіндіктер осы қолайлы күйінде қала берер болса, сондай-ақ Орта Азия елдері алдағы уақытта да қажетті экономикалық реформаларды жүргізген жағдайда, әр жан басына шаққандағы табыс деңгейі 2015-ші жылға қарай екі еселенетін болады, деп сенім артуда Азия Даму банкі. Алдағы онжылдықта кедейшілік деңгейі 40 пайыздан 25 пайызға түсуі мүмкін.
Сондай-ақ мұнай мен газ сияқты тауарларды сыртқа шығару аймақ үшін негізгі қозғаушы үдеріс ретінде қала береді, деп болжауда аталған банк. Аймақ дамуындағы тағы бір қозғаушы күш көпсалалы қаржылық ұйымдардан келетін қорлар ағымы болмақшы. Бұл шаралар Орта Азия аймағындағы экономикалық әріптестік бағдарламасы бойынша жүзеге асатын болады. 1997-ші жылы құрылған бұл Бағдарлама көп ұлтты және түрлі ұйымдарды қамтып отыр.
Кең көлемдегі аймақтық экономикалық әріптестік орнату қажеттілігі тек әлемдік талаптардан ғана туындап жатқан жоқ. Ол үдеріс сондай-ақ аймақтың өз ішінде қалыптасқан әріптестікке деген ұмтылыс жағдайына да тікелей байланысты болып отыр. Қазақстанның Уашингтондағы елшілігінің экономика бойынша консулы Мәйнура Мырзамадиеваның айтуынша 1999-2004-ші жылдар аралығында Қазақстанның Орта Азия елдерімен сауда қарым-қатынасы үш есеге өскен. Қазіргі кезде Қазақстан мұндай әріптестікті Ауғанстанмен арада да орнатуға ұмтылып отыр. Бұл елдің солтүстігіндегі мұнай көздерін игеруге көмектесуге Қазақстан құлшыныс танытуда.