Әлемнің 57 елінде шамамен төрт миллион медициналық қызметкер жетіспейді

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 57 елінде шамамен төрт миллион тәжірибелі дәрігер, мебдике және басқа медициналық қызметкер жетіспейді деп мәлім етті. Медицина қызметкерлері әсіресе Африка және Азия елдерінде жетіспей отыр. Мұның салдарынан кедей елдерде ауру-сырқау кең етек жайды, адам шығыны тым көп, СПИД індетіне төтеп беру қиынға айналды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы осындай баяндамасы бүгін жарияланды. Кедей елдердің дәрігерлері негізінен жақсы тұрмыс іздеп бай елдерге көшіп кеткен делінеді.