Беларусьтық 31 ресми Еуропа елдеріне келе алмайтын болды

Сәуірдің 10-ы күні, Люксембург кездесуінде, ЕуроОдақ министрлері Беларусь елінің жоғары деңгейлі 31 ресми қызметкеріне виза санкциясын жарияламақ. Тізімнің басында президент А.Лукашенко тұр. Бұл ресмилер өткен айдағы президенттік сайлау кезінде демократияға жат әрекеттерге барып, шеруге шыққандарға күш көрсеткен. Еуропа комиссиясының өкілі Эмма Удвиннің «Азат Еуропа-Азаттық» радиосының тілшісіне айтуынша, «алдағы дүйсенбіде шешім шығарылып, ЕуроОдақ елдеріне келуге тыйым салынған ол 31 ресми енген тізім тағы да қосымша есімдермен толығуы мүмкін».