Бүгін Александр Лукашенконың инаугурациясы өтті

Белорусь президенті болып 3-ші рет сайланған Лукашенко Минскідегі Республика сарайында халықтың алдында ант қабылдады.

“Белорусия президенті лауазымын қабылдай отырып, мен салтанатты түрде Белорус халқына қызмет етуге, адам құқықтарын қорғауға және сыйлауға, адал болуға Белорус Республикасының Конституциясын сақтауға, маған берілген жоғары жауапкершілікті адалдықпен орындауға ант беремін”, - деді Лукашенко.

Лукашенконың Белорусия билігінде отырғанына 12 жыл болды, ол 19-шы наурызда өткен президенттік сайлауда жаңадан бес жылдық мерзімге қайта сайланды. Ел оппозициясы, Батыс елдері және бақылаушылар ол сайлауды әділетсіз өтті деп айыптап отыр. Дауыс берулерден кейінгі бес күн барысындағы наразылық акциясына қатысқан жүздеген адам қамауға алынған еді, бүгін ертерек билік сол түрмедегілердің біразын шығарып, тек оппозиция жетекшісі Александр Козулиннің абақтыда әлі де қалатынын айтты.