Иран президенті Махмуд Ахмединежат бұл жөнінде Иранның солтүстік-шығыс қаласы Машхадта болған кезде айтып, Иран халқын бұл елеулі жетістікпен құттықтады.
Сәуірдің 11-інде, президент Ахмединежат, көптеген тәжірибелік еңбек нәтижесінде Иранның ядролық бағдарламасы шеңберінде уран байыту шарасын іске асырып үлгірді, деді. Ахмединежат өз қолдаушыларын ол табыспен құттықтай отырып, бұл күн – яғни, сәуірдің 11-і, Иран тарихындағы технология саласындағы айтарлықтай үлкен жаңалық ашылған күн ретінде тіркеліп қалады, деді.
– Мен, енді біздің аяулы, ғазиз Иранымыз ядролық мемлекеттер әлеміне қосылды деп ресми түрде жариялай аламын, - деді Иран президенті.
Сонымен, АҚШ, бұрынғы Кеңес одағы секілді елдерде атомдық ядролық бағдарламаларға осыдан 60 жылдай бұрын кіріссе, Ираннның оған енді ғана қолы жетіп отыр. Дегенмен, оның өзі оңайлықпен дүниеге келе қоймаған.
Президент Ахмединежаттың өзі де, мұндай табысқа жету үшін тәжірибелі ғалымдар мен жас сарапшы қайраткерлердің қажырлы еңбегі сіңіп, жүздеген мамандардың көп жылдық маңдай тері екендігін атап өтті.
- Үлкен зерттеу нәтижесінде зертханалық тәжірибеде ядролық отын циклын аяқтап үлгердік. Үстіміздегі жылы, сәуірдің 9-ына дейін ядролық қуат зауыттарына қажетті уранды байыта алдық. Бұл жас ғалымдардың еңбегінің арқасында жүзеге асты, - деді Иран президенті.
Махмуд Ахмединежат осыған дейін ол бағдарлама жөнінде талай ескерту естіген еді. Сондықтан, ол бірден-ақ, бұл технология тек қана бейбіт мақсатта пайдаланылады, себебі Иранға билік күші ретінде ядролық қаруларды қолданатындай ешқандай мақсат та жоқ деді. Оның айтуынша, Иран халқы мұндай күш-қуатқа Алланың арқасында қолы жетіп отыр екен.
Президент Ахмединежаттың айтуынша, Иран Халықаралық Атом қуаты агенттігі – МАГАТЭ-мен алдағы кезде халықаралық ережелер негізінде қызметтес бола бермек.
- Бірақ, сонымен қатар, Иран ядролық технологияны бейбіт мақсаттарда қолдану құқынан пайдалана бермек, - дейді Иран президенті.
Ахмединежаттың сейсенбі күнгі мәлімдемесіне дейін, Ирандағы ядролық энергетика ұйымының басшысы Ағазаде «Сары торт деген атпен белгілі 110 тонна ЮЭФ 6 ураны байытылды. Соның арқасында Иран мұндай бағдарламаны іске асырған әлемдегі 8 мемлекеттің қатарына қосылды» деген еді.
Сонымен, жалпы алғанда, Иран уранды байытуға ақпан айында кіріскен екен. Дегенмен, Батыс бәрібір Иран ядролық қарулар шығару жолына түсіп отыр деген күдігін айтады. Ал БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі, Иран сәуірдің 28-іне дейін уран байыту жұмысын түгелдей тоқтатуы керек деген талап та қойып үлгірген болатын. Бірақ Иран, көптен бері ашық айтып келе жатқан өз сөзінен қайтпай, «енді біз әлемдегі 8-інші ел болып, уранды байытып отырмыз» деп бүкіл әлемге жар салып отыр.