11-ші көкекте Алматыдағы Республика алаңыдағы Тәуелсіздік ескерткішінің жанында, осыдан екі ай бұрын Алматы маңында жаныдағы екі серігімен бірге белгісіздердің қолынан жауыздықпен өлтірілген оппозицияның белді көсемдерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы және марқұмның бір топ туған-туыстары Алтынбекті үнсіздікпен еске алу акциясын өткізді. Сонымен қатар Рысбек Сәрсенбайұлы қазақстандықтарды әр айдың 26-сы күнін барлық елді мекендердегі орталық алаңдарда «Демократияның жеңіс күні» ретінде үнсіз атап өту акциясын өткізіп тұруға үндеді. Ол сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдеріне Алтынбектің қазасына байланысты тергеу-тексеру жұмыстарының қалай жүріп жатқанды туралы баяндады.
11-ші көкекте кешкі сағат бес жарым кезінде, Алматының орталығындағы Тәуелсіздік ескерткішінің жанында сап түзеп үнсіз тұрғандарға алаңнан өтіп жатқан автокөлік жүргізушілері де тоқтап қарап барады. Бастарына таққан жолақ маталарға «Алтынбек, Бауыржан, Василий» деп жазып алған 13 адам жарты сағат үнсіздік акциясынан соң осы жерге келген БАҚ өкілдеріне бұл шараның мақсатын түсіндірді.
«Біз, Алтынбектің бауырлары, туған-туысқандары үнсіздік наразылығын білдіріп, Алматы қаласындағы көшелерге шығып тұруды ұйғардық. Мақсатымыз - халықтың қазіргі жағдайға назарын аударту, билікке көп болып ықпал ету. Егер әр айдың 26-сы күні Алматыдағы, Астанадағы, Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендеріндегі адамдар бір мезгілде – 12 сағат 45 минутта жақын маңдағы алаңдарға, көшелерге шығып, жол жағасына тұрып үнсіз наразылық білдірсе, бұл бәріміздің ортақ күресіміздің жалғасқандығы болар еді», - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Алматыдағы оппозиция өкілдерінің ақпанның 26-сы күні Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында басталған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» митингісі, онда биліктің ұйымдастырған әртүрлі қитұрқы кедергісіне қарамай, стихиялы түрде 12 сағат 45 минутта осы Республика алаңында жалғасын тапқан еді. Оппозиция өкілдері сол оқиғаны Демократиялық көпшіліктің алғашқы жеңісі деп бағалаған-ды.
«Міне сондықтан әр айдың 26-сы күні 12 сағат 45 минут айтулы меже ретінде аталып өтуі тиіс», - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Сондай-ақ ол, Алтынбектің өліміне байланысты тергеу-тексеру ісімен айналысып жүрген адамдар «ар жақ - бер жағын індеттеп қаза берсеңдер қызметтен айырылып қаласыңдар» деген ескерту алғанын сенімді адамдардан естігенін айтты.
«Демек тергеу ісіне араласып жүрген адамдардың өзі қорқынышта, қай жағына шығарын білмей отыр», - дейді Рысбек мырза.
Ол інісінің қазасына Қазақстан президентінің үлкен күйеу баласы, елдің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Әлиевтің қатысы бар-жоғын тергеу орындарының тексеруін сұрағанымен, оған ресми биліктің еш назар аудармай отырғанын айтады.
«Егер ол, 2001 жылғы белгілі оқиғадан кейін, менің бауырыма телефон арқылы қоқан-лоқы жасамаса, мен оған күдік келтірмес едім. Ол Алтынбекке – мен сені өлтіремін, көзіңді жоямын, саған өмір жоқ деген сөздерді айтқаны маған мәлім. Ал сөйткен адамнан мен қалай күдіктенбеймін? Оның үстіне, менің естуімде, ол бір дархан жігіт емес, өте кекшіл, ызақор адам. Ал ондай адамнан бәрін күтуге болады», - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Рысбек мырза сейсенбі күні Алматының орталық алаңында өздері өткізген үнсіз акция ешқандай да заң талаптарын бұзбайды деп санайды.
«Осындай наразылықтың бәрі түптің түбінде, халық түсініп, бірігіп, бір-бірін қолдап қауымдасса, үлкен шеруге айналуы мүмкін. Париждегі студенттердің демонстрациясын алып қарайықшы, олар жеңіске жетті ғой! Ал неге сол елдің студенттерін топырлатып апарып түрмеге тығып, әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғап жазаға тартпайды? Мінеки, адамды қастерлеу, адамды сыйлау, адамның құқын сақтау деген осындай болуы керек! Ал бізде адамды сыйлау да жоқ, адамның құқын қадірлеу де жоқ, керісінше, аяққа таптау ғана бар», - дейді журналист Рысбек Сәрсенбайұлы.