Александр Лукашенко енді Швейцарияға да кіре алмайды

Швейцария үкіметі Беларус президенті Александр Лукашенко және тағы 30 Беларус жоғары ресми өкілін елімізге кіргізбейміз деп жариялады. Сөйтіп Швейцария Еуропа Одағының 25 мемлекетіне қосылып отыр. Еуропа Одағы және осы ұйымға кірмейтін Швейцария Беларуста наурыз айында өткен президенттік сайлау жаппай бұрмаланды, Беларус үкіметі негізгі саяси құқықтарды қамтымады, шектеу шарасы осыған байланысты дейді.