Грузия президенті Михаил Саакашвили мен Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы сайқымазақ жасаған эротикалық фильмге өз үлесін қосқаны үшін Ресей заңшығарушысы Алексей Митрофанов кешірім сұрады. “Юлия” деп аталатын кинофильмнің сценарийін депутат Митрофанов жазған екен.