Нью-Йорк қаласында орналасқан "Комеди централ" телекомпаниясында "Дейли шоу" деген танымал сықақ хабары шығып тұрады. Хабарда елең еткізетін жаңалықтар сатира садағына ілініп, күлкі нысанасына айналады. Хабарды Джон Стюарт деген америкалық сықақшы-артист жүргізеді. "Дейли шоу" телехабарының нысанасына АҚШ президенті Джордж Буш та ілініп жатады. Хабар тақырыбының аясы өте кең, саясат жаңалықтары болсын, дін жаңалықтары болсын, баспасөз жаңалықтары болсын "Дейли шоу" хабарында басқаша қырынан көрсетіліп жатады.
"Дейли шоу" хабарының жүргізушісі Джон Стюарт бағдарлама басында әдетте жаңалық оқиды. Президент Джордж Буш болсын, Демократиялық партиядағы оның бәсекелестері болсын, расизм оқиғалары, не болмаса Ирақ жаңалықтары болсын – мұның барлығына жүргізуші жеке сипаттамасын аямай қосады. Таң қалады, күледі, мысқылдайды, шошып кеткен болып, наразылық білдіріп жатады. Мәселен, соңғы бір хабарында Джон Стюарт Ирақта талай тактикалық қате жасадық, бірақ тарих Буш әкімшілігін ақтап шығады деп айтқан АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райсты келемеждеді.
"Азаттық" радиосына берген сұхбатында Джон Стюарт сықақ мәтіндерін жазатын өзім және басқа авторлар, әлбетте, эмоцияға кеңінен жол береді, бірақ күлкі нысанасына алынатын оқиға мазмұнын нақты бір көзқарас тұрғысынан сараламаса болмайды дейді. "Дейли шоу" хабарында әлемнің ықпалды тұлғалары көп келемежденіп жатады. Олар парасаты төмен, екіжүзді тұлға ретінде көрсетіліп жатады, олардың байқаусызда айтып қалған сәтсіз сөздері өздеріне таяқ боп тиіп жатады. Бірақ Джон Стюарт бұл адамдар өш алады деп қорықпайды екен:
- Маған не қауіп төне қояды дейсіз? Бәлкім, маған қарсы баспасөзде дауыл жасалар, бәлкім, "Комеди централ" компаниясынан қуылармын және ақшасы мол театрға барып, күн көруге мәжбүр болармын. Халықтың әжептәуәір бөлігі комедиядан болмаса да, үкімет пен жаңалық бұлақтарынан нақты ақпарат алуға зәру. Менім тірлігіме тұтастай қалқа болып отырған жайт осы.
АҚШ-та орналасқан "Пью рисорч центер" әлеуметтану компаниясы көрсеткендей, "Дейли шоу" хабарын жастар көп көреді. Жасы 18 бен 21 аралығындағы жастардың 21 пайызы "Дейли шоу" және басқа сықақ хабарларын 2004 жылы президенттік сайлау науқаны кезінде көп көрген екен. Салыстыру үшін айтайық - алдыңғы қатардағы телекомпаниялардың әдеттегі жаңалықтар топтамаларын тұрақты түрде жастардың 23 пайызы қана көреді.
"Дейли шоу" хабарының соңына таман әдетте студия сұхбаттары жүреді. Студияға Голивуд жұлдыздары, белгілі жазушылар мен журналистер, саясаткерлер, АҚШ басшылығында болған тұлғалар көп келеді. Аптасына төрт рет шығатын бұл хабарды бір жарым миллиондай адам көреді. АҚШ-тан тыс бұл хабарды аптасына бір рет СНН телекомпаниясынан көруге болады.