Халықаралық Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Мохаммед ел Барадей, Иранның ядролық жағармай үшін қажетті байытылған уран алды дегенді, әзірге нақтылай алмағанын айтты. Бұл туралы Техранда мәлімдеген МАГАТЭ басшысы, инспекторлар Иранның ядролық нысандарынан ядролық метериалдар үлгісін алғаные айтып, оның қорытындысын жақында хабарлайтын болады деген. Ол Техранда Иранның атом агенттігінің басшылығы мен және ядролық бағдарлама бойынша маман Али Ларижанимен ядролық мәселені талқылады. Иран жағы МАГАТЭ-нің уран байытуды тоқтату туралы талабына екі аптадан кейін жауабын беретін болады деп айтқан Ларижани.