Жұманың кешінде премьер министр міндетін атқаруды ресми түрде Ехуд Олмерт алды. Шаронның ауруханаға түскеніне жұмада 100 күн болған. Олмерттың Кадима партиясы өткен айдағы сайлауда жеңіске жеткен болатын, енді ол коалициялық үкімет құру процесінде. Шарон қаңтардың 4-де миына қан құйылғаннан бері әлі есіне келген жоқ.