Рим Папасы Бенедикт жексенбілік пасха мейрамының бірінші күнінде Ватикандағы қасиетті Петр ғибадатханасында уағыз дұғасын оқыды. Понтифик өзінің дұғасында құдайдан “әлемді қақтығыс пен жемқорлықтан сақтап, бейбіт өмір, тыныштық бере гөр” деп тілеген. Бұл мейрам Бенедиктің Рим папасы болғаннан бергі алғашқы пасха мерекесі әрі оның 79 жасқа толған туған күнімен сәйкес келді.