Стамбулдағы жарылысты күрд сепаратистері ұйымдастырғанға ұқсайды

СТАМБУЛ. Кеше Стамбулда жарылыс болып, кемінде 5 адам жарақат алып, біреуі хал үстінде жатыр. “Азаттық” Радиосы тілшісінің хабарлауынша, қаланың орталығында жанар-жағар май бекетінің маңында бомба орнатылған автокөлік жарылған. Ресм билік бұл қастандықты ұйымдастыруға күрд сепаратистерінің қатысы болуы мүмкін деп санайды.